Page 38 - ЭПК
P. 38

одан әрі іске асыру және жабу кезінде неге назар аудару керектігін түсінеді

                  3. Деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс ауқымды деректерді статистикалық және экономикалық өңдеу дағдыларын
                  дамытуға;  визуализация  және  талдауға,  жасырын  заңдылықтар  мен  өңдеу
                  алгоритмдерін  іздестіруге  бағытталған.  Деректерді  талдау  әдістерін  және
                  алынған  нәтижелерді  одан  әрі  түсіндіруді,  деректердің  әртүрлілігін  төмендету
                  әдістерін,  Data  Mining  технологиясы  негізінде  деректерді  талдаудың  жаңа
                  әдістерін  меңгеруге,  эксперименттік  деректерді  өңдеу  мәселелерін  шешу  үшін
                  қолданбалы бағдарламалардың заманауи пакеттерін талдауға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Зерттеуді жүзеге асыру технологиясын таңдау, шығындарды  бағалау және оны
                  жүзеге  асыруды  ұйымдастыру  қабілетін  көрсетеді;  тиісті  өңдеу  әдістері  мен
                  құралдарын пайдалана отырып, зерттеу нәтижелерін талдауды жүргізу қабілетін;
                  зерттеу  әдісін  таңдау,  бар  әдістерді  өзгерту  және  белгілі  бір  зерттеудің
                  міндеттеріне сүйене отырып, жаңа әдістерді әзірлеу қабілетін көрсетеді

                  4.  Коммуникацияларды басқару
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс әртүрлі типтегі ұйымдарда интеграцияланған коммуникацияларды басқару
                  процесін  құру  принциптерін  жүйелі  түсінуді  қалыптастыруға;  сыртқы  және  ішкі
                  стейкхолдерлермен  ұйымның  коммуникацияларын  құрудың  кешенді  тәсілін
                  зерделеуге;  тиімді  коммуникацияның  практикалық  құралдарын  игеруге;  әртүрлі
                  типтегі  ұйымдардың  коммуникациялық  саясатын  талдау  және  жетілдіру  үшін
                  қажетті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Түрлі дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін қолдана алады, ортақ
                  мақсатқа  жету  үшін  ұжым  ішінде  тиімді  өзара  іс-қимыл  орната  алады,
                  мемлекеттік  органның  беделін  қалыптастыра  алады,  жанжалдарды  тиімді
                  басқара алады, негізгі стейкхолдерлермен жұмыс жасай алады

                               «7М04118 – Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы үшін
                             МRD – 2024 (mod) (1 жылдық) (қысқы жиынтыққа қабылдау)

                  Жинау қажет – 4 кредит
                  1. Қала мен ауылдық аумақтарды басқару
                  Кредиттер саны                                 4
                  Семестр                                        6 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс    қала     мен    ауылдық      аумақтарды       басқару     саласындағы       білімді
                  қалыптастыруға         бағытталған.       Атап     айтқанда,       қалалық       кеңістікті,
                  мегаполистердің,  агломерациялардың,  шағын  және  моноқалалардың  қалалық
                  мәдениет  үлгілерін  ұйымдастыру;  "Smart  City"  қалыптастыру  және  дамыту
                  ерекшеліктері; қалалық басқару және қала жоспарлау тиімділігінің мониторингі;
                  ауылдық  аумақтардың  экономикалық  дамуы,  ауыл  және  қала  тұрғындарының
                  жұмыспен қамтылуы мен табыстары; ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43