Page 35 - ЭПК
P. 35
4. Коммуникацияларды басқару
Кредиттер саны 2
Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс әртүрлі типтегі ұйымдарда интеграцияланған коммуникацияларды басқару
процесін құру принциптерін жүйелі түсінуді қалыптастыруға; сыртқы және ішкі
стейкхолдерлермен ұйымның коммуникацияларын құрудың кешенді тәсілін
зерделеуге; тиімді коммуникацияның практикалық құралдарын игеруге; әртүрлі
типтегі ұйымдардың коммуникациялық саясатын талдау және жетілдіру үшін
қажетті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Түрлі дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін қолдана алады, ортақ
мақсатқа жету үшін ұжым ішінде тиімді өзара іс-қимыл орната алады,
мемлекеттік органның беделін қалыптастыра алады, жанжалдарды тиімді
басқара алады, негізгі стейкхолдерлермен жұмыс жасай алады
5. Сыни ойлау және аналитика
Кредиттер саны 2
Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс ақпаратты талдау, бағалау, түсіндіру үшін сыни тұрғыда ойлауды, күрделі
міндеттер мен мәселелер кешенінің шешімін сенімді түрде негіздеуді дамытуға
бағытталған. Курста мынадай мәселелер қарастырылатын болады: іс-әрекеттегі
сыни ойлау; қате шешімдер және олардың алдын алу; талдауға қатысты
заманауи тәсілдер мен талаптар; мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдау
жұмысындағы талдау әдістері; ақпаратпен жұмыс
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Ақпаратты талдай алады және мәселенің туындау негізін анықтай алады;
мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларын іздестіріп табады; логика негізінде
идеяны бағалап, таңдау жасай алады; логикаға негізделген өз шешімін
дәлелдей алады
«7М04122 – Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы үшін
МRD – 2024 (1 жылдық)
Жинау қажет – 4 кредит
1. Қала мен ауылдық аумақтарды басқару
Кредиттер саны 4
Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс қала мен ауылдық аумақтарды басқару саласындағы білімді
қалыптастыруға бағытталған. Атап айтқанда, қалалық кеңістікті,
мегаполистердің, агломерациялардың, шағын және моноқалалардың қалалық
мәдениет үлгілерін ұйымдастыру; "Smart City" қалыптастыру және дамыту
ерекшеліктері; қалалық басқару және қала жоспарлау тиімділігінің мониторингі;
ауылдық аумақтардың экономикалық дамуы, ауыл және қала тұрғындарының
жұмыспен қамтылуы мен табыстары; ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру
сапасы; жергілікті өзін-өзі басқару; қалалар мен ауылдық аумақтардың
әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бойынша басқарушылық шешімдер
қабылдау
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер: