Page 39 - ЭПК
P. 39

сапасы;  жергілікті  өзін-өзі  басқару;  қалалар  мен  ауылдық  аумақтардың
                  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  арттыру  бойынша  басқарушылық  шешімдер
                  қабылдау
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Қалалар  мен  ауылдық  аумақтарды  дамыту  проблемаларын  талдай  және
                  анықтай  алады;  қалалық  басқару  мен  қала  жоспарлаудың  тиімділігіне
                  мониторинг  әзірлей  және  жүргізе  алады;  қалалық  жобаларды  басқара  алады;
                  ауылдық аумақтарды теңгерімді дамытуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және
                  қалалық  және  ауылдық  жерлерде  жайлы  өмір  сүру  ортасын  құруға
                  көзқарастарды  анықтай  алады;  жергілікті өзін-өзі  басқаруды  дамыту  жолдарын
                  анықтай  алады;  қалалық  және  ауылдардың  әлеуметтік-экономикалық  дамуы
                  бойынша басқару шешімдерін қабылдай алады

                  2. Жобаларды басқару
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        6 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  жобаларды  басқару  саласындағы  ұлттық  және  шетелдік  стандарттар
                  негізінде  мемлекеттік  органдар  мен  басқа  да  ұйымдар  қызметінің  тиімділігін
                  арттыру  құралы  ретінде  жобаларды  басқару  үшін  қажетті  құзыреттерді  және
                  жобалық  менеджмент  саласындағы  практикалық  дағдыларды  қалыптастыруға
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Жобалық  құжаттаманы  әзірлеу,  жобалық  басқарудың  құралдарымен  және
                  әдістерімен  жұмыс  істеу  дағдыларын  игереді,  жоба  шеңберінде  жобаның
                  мүдделі тараптарын, мерзімдерін, құнын, ресурстарын, мазмұнын, сатып алуды,
                  сапаны,  тәуекелді,  коммуникацияларды  басқара  алады,  сондай-ақ  жобалық
                  құжаттаманы  қалай  дұрыс  бастау,  сапалы  жоспарлау  қажеттігін,  жобаларды
                  одан әрі іске асыру және жабу кезінде неге назар аудару керектігін түсінеді

                  3. Деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        6 модуль
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс аймақтық/қалалық даму туралы шешім қабылдау негізі ретінде деректердің
                  үлкен ауқымын статистикалық және экономикалық өңдеу дағдыларын дамытуға;
                  визуализация  және  талдау,  жасырын  заңдылықтар  мен  өңдеу  алгоритмдерін
                  іздеуге бағытталған. Курс шеңберінде деректерді талдау әдістерін меңгеру және
                  алынған нәтижелерді одан әрі түсіндіру, деректер өлшемдерін азайту әдістері,
                  Data  Mining  технологиясына  негізделген  деректерді  талдаудың  жаңа  әдістері
                  қарастырылады;  өңірлерді  кешенді  дамыту  үшін  эксперименттік  деректерді
                  өңдеу  мәселелерін  шешу  үшін  қолданбалы  бағдарламалардың  заманауи
                  пакеттері қолданылады
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Data-driven  decision  making  негізінде  өңірлерді/қалаларды  дамыту  бойынша
                  тиімді  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  аналитикалық  құралдар  мен
                  бағдарламалық құралдарды қолдана алады
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44