Page 13 - Стратегия АГУ
P. 13

талап  етіледі.  Магистратура  және  докторантура  бағдарламалары  бойынша
           мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту кадрлар, әсіресе Қазақстанның
           дипломатиялық қызметі үшін көбірек кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.
                  Академия  оқытуды  қаржыландыру  көздерін  әртараптандыруға,

           профессор-оқытушылар  құрамы  мен  оқу-көмекші  персоналдың  кадрлық
           әлеуетін  дамытуға,  оқуға  әлеуеті  жоғары  талантты  мемлекеттік
           қызметшілерді  іздеуге  және  тартуға,  түлектердің  мансап  жолымен
           ілгерілеуіне баса назар аударады.
                  Мемлекеттік  қызметшілерді  даярлау  кезінде  икемділікті  қамтамасыз
           ету  үшін  кешкі  уақытта,  демалыс  күндері  және/немесе  1-2  апталық
           модульдер  бойынша  аралас  оқыту  режимімен  өндірістен  қол  үзбей
           жүргізілетін магистрлік білім беру бағдарламаларының саны ұлғайтылатын
           болады.
                  Деректер  негізінде  жедел  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  LMS
           ICademium  және  www.reg-apa.kz  ақпараттық  жүйелерінің  «Е-қызмет»
           кадрлық  бизнес-процестерімен  (біліктілікті  арттыру,  түлектердің
           мониторингі,          оқуға      қабылдау,        курстарға         тіркеу,       электрондық
           сертификаттар және т.б.) интеграциясы қамтамасыз етілетін болады. LMS
           ICademium мобильді нұсқасы және үш модулі (оқуға қабылдау, оқу процесін
           ұйымдастыру, түлектермен жұмыс) үнемі жетілдіріліп отырады.
                  Ғылыми мақалалар, аналитикалық жазбалар, policy memo, магистрлік

           жобалар  және  докторлық  диссертациялар  түріндегі  зерттеу  нәтижелері
           электрондық  кітапхана  репозиторийінде  ашық  түрде  жинақталады
           (www.repository.apa.kz).    Академияда  мемлекеттік  басқару,  мемлекеттік
           қызмет,  мемлекеттік  саясат,  экономика  және  халықаралық  қатынастар
           саласындағы,  оның  ішінде  «Taylor  and  Francis»  деректер  базасына  жазылу
           арқылы  өзекті  әлемдік  әдебиет  жинақталатын  болады.  Кітаптардың
           көпшілігі  электронды  кітапханада  цифрландырылады  және  оларды




                                                           11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18