Page 14 - Стратегия АГУ
P. 14
цифрлық гаджеттерде көруге болады. Мемлекеттік тілдегі әдебиет қоры
ұлғайтылады.
Кәсіби және жеке тұлғалық құзыреттерді дамытудан бөлек, білім
алушылар 50-25-25% пропорциясында үш тілде – қазақ, ағылшын және орыс
тілдерінде оқу арқылы өздерінің тілдік дағдыларын жақсарта алады.
Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту тұжырымдамасы аясында Qazaq Resmi
Test (www.qrt.kz) қолдана отырып, қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінетін
болады. Білім алушылар PIPPLET халықаралық тестін қолдана отырып,
мамандандырылған курстар арқылы ағылшын тілін жетілдіруге мүмкіндік
алады.
Академияның Институттары/Мектебі танымал оқу орталықтарымен
және мемлекеттік органдармен әріптестікте білім алушылар мен
оқытушылардың да академиялық ұтқырлығы мен тағылымдамасын
дамытатын болады. Жоғары рейтингілі университеттермен қос диплом
бағдарламалары іске асырылады. Магистратура мен докторантураның білім
беру бағдарламаларының көпшілігі халықаралық аккредиттеуден өтеді.
Құзыреттілікті дамыту бойынша жеке ұсынымдар әзірлей отырып,
білім алушылар үшін ассессмент-орталық өткізу арқылы академиялық
қызметте құзыреттілік тәсілді дамыту жалғастырылады.
Оқу процесінде геймификация элементтері бар интерактивті оқыту
әдістері кеңінен қолданылатын болады. Әдістемелік семинарларда
профессорлық-оқытушылық құрам тәжірибе алмасуға және кәсіби
шеберлігін дамытуға мүмкіндік алады.
Білім алушылар мен қызметкерлердің өзін-өзі дамытуына, ұйымда
жаңа байланыстар мен шығармашылық орта құруға бағытталған
Development Day-ді өткізу практикасы жалғасатын болады.
Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (МСҰМ) Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және мемлекеттік қызмет
саласындағы уәкілетті органмен тығыз ынтымақтастық негізінде
12