Page 12 - Стратегия АГУ
P. 12

Стратегияның негізгі бағыттары:
                  1. Сапалы білім беру
                  2. Қолданбалы зерттеулер
                  3. Тиімді әріптестік және қазіргі заманғы инфрақұрылым


                                              САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

                  Қазақстанның мемлекеттік аппараты қазіргі заманғы сын-тегеуріндер
           жағдайында  бірегей  міндеттерді  жедел  әрі  тиімді  шешуге  қабілетті
           адамдарға мұқтаж.
                  Адами  ресурстардың  сапасын  жақсарту  және  мемлекеттік  аппаратты
           одан әрі кәсібилендіру үшін мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта
           даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың қолданыстағы жүйесін
           қайта қарау талап етіледі.
                  Заңнамаға  сәйкес ,  мемлекеттік  қызметшілер  үш  жылда  бір  реттен
                                          7
           сиретпей  біліктілігін  арттырудан  өте  алады,  оны  мемлекеттік  органдар
           көбінесе  үш  жылда  бір  рет  өту  керек  деп  түсініп  жатады.  Бүгінгі  күнде
           мемлекеттік  қызметші  өзінің  кәсіби  дамуын  жоспарлауға  жанама  түрде
           қатысады, өзін-өзі дамытуға деген ынтасы төмен.
                  Академия «халық үніне құлақ асатын, тиімді, есеп беретін, кәсіби және
           прагматикалық  мемлекет»   қағидаттарына  негізделген  мемлекеттік
                                                8
           басқарудың  жаңа  моделін  ескере  отырып,  мемлекеттік  қызмет  үшін
           кадрларды  сапалы  даярлауды, қайта  даярлауды және олардың  біліктілігін
           арттыруды қамтамасыз ететін тиімді алаң қалыптастыру бойынша жұмысын
           одан әрі жалғастырады.
                  Мемлекеттік аппараттың сапалық құрамын арттыру үшін даярлауды,
           қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қаржыландыруды қайта қарау


           7  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабы 2-тармағы
           8  Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

                                                           10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17