Page 16 - Стратегия АГУ
P. 16
басшы құрамына арналған курстар) сыртқы саяси ведомство
қызметкерлерінің біліктілігін нысаналы арттыруға;
- ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға шығатындар үшін Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сұратуы бойынша Қазақстанда
аккредиттелген дипломатиялық миссиялармен бірлесіп, оның ішінде
Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері тізіміне кірмейтін тілдер бойынша
тілдік курстарды ұйымдастыруға;
- дипломатия, халықаралық қатынастар және шекара маңы
ынтымақтастығы саласындағы орталық және жергілікті билік
органдарының мемлекеттік қызметшілерін шет елдердің дипломатиялық
өкілдіктерімен өзара тығыз іс-қимылда даярлауға;
- дипломатия мен халықаралық ынтымақтастықтың өзекті
мәселелері бойынша сыртқы саяси ведомство үшін ғылыми зерттеулер
жүргізу мен аналитикалық материалдар дайындауға;
- халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктердің іс-
шараларын ұйымдастыруға қатысуға.
Оқуды сәтті (нәтижелі) аяқтаған Дипломатия институтының түлектері
дипломатиялық лауазымдарға, «А» және «Б» корпустарының жоғары
басқарушылық лауазымдарына орналасуға және халықаралық ұйымдарда
жұмыс істеуге дайын болуы тиіс.
Басқару институты мемлекеттік саясат, өңірлік даму, менеджмент,
экономика саласындағы танымал білім беру және ғылыми орталықтармен
әріптестікте мыналарға баса назар аударады:
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін даярлауға
және олардың біліктілігін арттыруға;
- салаларды және өңірлерді дамыту мәселелері бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу мен орталық және жергілікті билік органдарына
ұсынымдар дайындауға;
14