Page 22 - Академиялық саясат
P. 22

14. Екі дипломдық білім беру

                  14.1.  Екі  жылдық  магистратура  шеңберінде  білім  алатын  Академия
            магистрантына екі дипломдық білім беру бағдарламасына қатысу құқығы беріледі. Бұл
            құқық  ҚР  ҒЖБМ  бекітетін  Оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу  процесін
            ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
                  14.2. Екі дипломдық білім беру деп әріптес ЖЖОКБҰ-да бір-екі семестр ішінде
            оқыту, белгіленген талаптарға сәйкес ЖЖОКБҰ-ның қажетті кредиттерін қайта есептей
            отырып, екі оқу бағдарламасы үшін талап етілетін кредиттерді игеру түсініледі.  Оқу
            аяқталғаннан кейін және бағдарламалардың әрқайсысы бойынша барлық талаптарды
            орындағаннан  кейін  білім  алушыға  академиялық  дәреже  беру  туралы  белгіленген
            үлгідегі екі диплом және екі транскрипт немесе уағдаластықтар негізінде бір бірлескен
            диплом беріледі.
                  14.3.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асырудың  міндетті
            шарттары:
                  1) келісілген ББ әзірлеу және бекіту;
                  2) білім алушылардың екі дипломдық білім беруге енгізілген, әріптес ЖЖОКБҰ-
            дағы ББ бір бөлігін меңгеруі;
                  3)  уағдаластықтар,  сапаны  қамтамасыз  етудің  жалпы  қағидаттары  мен
            стандарттары  негізінде  оқыту  кезеңдері  мен  нәтижелерін  міндетті  түрде  тану  және
            автоматты түрде қайта есепке алу;
                  4)  оқытушылардың  екі  дипломдық  білім  беруге  қатысуы,  білім  беру
            бағдарламасын  бірлесіп  әзірлеу,  оқыту,  жалпы  қабылдау  және/немесе  аттестаттау
            комиссияларына қатысуы;
                  5)  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламаларын  толық  меңгерген  білім
            алушыларға әрбір әріптес  ЖЖОКБҰ-ның дәрежесі немесе уағдаластықтар негізінде
            бір бірлескен дәреже беріледі.
                  14.4.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасын  қаржыландыру  республикалық
            бюджет,  Академия  қаражаты  есебінен  не  жеке  және  заңды  тұлғалар  есебінен
            жүргізіледі, екі дипломдық білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі шығыстар
            ішінара не толық жабылуы мүмкін.
                  14.5.  Екі  дипломдық  білім беру бағдарламасы  бойынша оқу  үшін білім  алушы
            конкурстық іріктеуден өтеді. Конкурстық іріктеу мынадай кезеңдерден тұрады:
                  1) МСҰМ/Институттар директоратының отырысында үміткерлерді іріктеу;
                  2) әріптес ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының құжаттарды қарауы;
                  3) Академияның конкурстық комиссиясының үміткерлерді іріктеуі;
                  4)  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасына  қатысу  үшін  үміткерлерді  ҒК-те
            бекіту.
                  Конкурстық  комиссия  үміткерлерді  іріктеу  кезінде  мынадай  критерийлерді
            ескереді:
                  1) мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсуді ескере отырып, уәждеме деңгейі;
                  2) ағылшын тілін білу деңгейі;
                  3) бірінші оқу жылындағы үлгерімнің орташа балы (GPA);
                  4)  үміткердің  қаржылық  жағдайы  (оның  ішінде  жол  жүру,  тұру,  тамақтану,
            медициналық  сақтандыру,  визаны  ресімдеу  бойынша  шығыстарды  көтеруге  дайын
            болуы).
                  14.6.  Шетелдік  білім  алушылар  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасына
            енгізілген,  «енгізілген  білім»  деген  ерекше  белгісі  бар  және  оқу  кезеңін,  мерзімін,
            пәндер  санын  және  игерілетін  кредиттердің  көлемін  көрсете  отырып,  білім
            алушылардың жалпы контингентіне қабылдаудың ұқсас рәсімдерінен өтеді.
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27