Page 10 - Академиялық саясат
P. 10

  есеп беру құжаттамасының нысандары және басқа да материалдар.
                  6.26. БЖДБ әрбір білім алушының жеке білім беру траекториясын айқындайды.
                  6.27.  Силлабустарды  ББ  барлық  пәндері  бойынша  Институттар/МСҰМ  ОПҚ-ы
            әзірлейді,  ББ  үйлестірушілерімен  келісіледі,  Институттар/МСҰМ  директоратының
            отырысында        қаралады      және     шешімімен       бекітіледі.   Силлабустар       пәннің
            сипаттамасынан, күтілетін нәтижелерден, курс тақырыптарынан, нақты тараулар мен
            беттерді  көрсете  отырып,  ұсынылған  әдебиеттерден,  тапсырмалардан,  тиісті
            дедлайндардан,  бағалау  критерийлерінен  және  т.б.  тұрады  (2-қосымша).  ОПҚ
            директоратта  бекітілген  күннен  бастап  оқу  кезеңі  басталғаннан  кейін  екі  аптадан
            кешіктірмей  силлабустарға  өзгерістер  (30%-дан  аспайтын)  енгізуге  құқылы.
            Силлабустарды  енгізілген  өзгерістерімен  бірге  Институттар/МСҰМ  директораттары
            бекітеді.  Силлабустар  Академияның  кітапхана  қорында  бар  әдебиеттерді  қамтуы
            керек.
                  6.28.  ОБӨЖ-ға  оқу  бағдарламасының  неғұрлым  күрделі  мәселелері  бойынша
            консультациялар,  үй  тапсырмаларын,  жобаларды  (жұмыстарды)  және  басқа  да
            тапсырма түрлерін орындау бойынша консультациялар кіреді. ОБӨЖ БСО келісімімен
            офлайн  немесе  онлайн  форматтарда  жүргізілуі  мүмкін,  бұл  ретте  сабақтардың
            кемінде 30%-ы офлайн форматта өткізілуі тиіс.
                  6.29.  Институт/МСҰБ  басшылары  Академияның  оқу  процесінің  нормативтік
            құжаттарының мазмұны туралы, сондай-ақ осы құжаттарға енгізілетін өзгерістер мен
            толықтырулар туралы ақпаратты ОПҚ мен білім алушыларға уақытылы жеткізеді.

                                            7. Оқу сабақтарына қатысу

                  7.1. Академияның білім алушылары бекітілген кестеге сәйкес оқу сабақтарының
             барлық түрлеріне қатысуға міндетті. Себепсіз сабақтарға қатыспауға жол берілмейді.
                  7.2. Бір академиялық кезең (семестр, модульдер) ішінде дәлелсіз себеппен оқу
             сабақтарының  15  және  одан  да  көп  академиялық  сағатына  қатыспаған  білім
             алушылар Академиядағы оқудан шығарылуға жатады.
                  7.3. Білім алушылар қатыспаған сабақтарын міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ол үшін
             оқу сабақтарын өткізіп алған білім алушы Институт/МСҰМ директорының атына тиісті
             өтініш береді. Институт/МСҰМ директорының өкімімен пән оқытушыларымен келісім
             бойынша өткізілмеген сабақтарды меңгеру туралы шешім қабылданады.
                  7.4. Оқытушы сабаққа қатысу есебін «Icademium» ақпараттық жүйесінде жүргізеді.
             Сабаққа қатысу мониторингін БСО жүзеге асырады.

               8. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны

                  8.1.  Магистратураның ББ мазмұны мыналардан тұрады:
                  1)    негізгі  және  бейіндік  пәндер  циклдерін  зерделеуді  қамтитын,  теориялық
            оқыту;
                  2)    магистранттарды практикалық даярлау: практикалар мен тағылымдамалар;
                  3)    бейіндік  магистратура  үшін  магистрлік  жобаны  орындауды  қамтитын
            эксперименттік-зерттеу жұмысы;
                  4)    ҚА
                  8.2.  Таңдау  компонентін  (элективті  пәндер  –  ББ-да  тиісті  кредиттер  болған
            кезде)  магистранттар  ББ  үйлестірушісінің  жетекшілігімен  бірінші  және  екінші
            семестрлер үшін ағымдағы оқу жылының бірінші аптасының соңына дейін және үшінші
            және  төртінші  семестрлер  үшін  ағымдағы  оқу  жылының  соңғы  аптасы  кезеңінде
            дербес таңдайды.
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15