Page 34 - ЭПК
P. 34

бастап мақсатқа қол жеткізу тиімділігін бағалауға дейін және мақсаттар) танып-
                  білуге  бағытталған.  Курс  болашақ  менеджерлерге  нысаналы  индикаторларды
                  тиісті  стратегиялық  бағыттар,  салалар  бойынша  шебер  талдауға,  бағалауға
                  және  жіктеуге,  нәтижелерге  назар  аудара  отырып,  оларға  жету  үшін  іс-
                  шаралардың,  құралдардың,  тетіктердің  және  ресурстардың  нақты  кешенін
                  жүзеге асыруға мүмкіндік береді
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Мемлекеттік  жоспарлау  жүйесі  құжаттарының  негізгі  қағидаттары  мен
                  архитектурасын,  әзірлеуден  бастап  құжаттарды  түзетуге  дейінгі  мемлекеттік
                  жоспарлау жүйесінің процестерін біледі; тиісті стратегиялық бағыттар, салалар
                  мен  сфералар  бойынша,  сондай-ақ  өңірлер  бөлінісінде  көрсеткіштерді
                  декомпозициялай  алады;  стратегиялық  және  бағдарламалық  құжаттардың
                  нысаналы  индикаторлары  мен  нәтиже  көрсеткіштерін  талдай  және  бағалай
                  алады;  ел  мен  өңірлерді  әлеуметтік-экономикалық  дамытудың  негізгі
                  көрсеткіштерін болжау әдістемесін қолдана алады; сондай-ақ ел мен өңірлерді
                  басқарудың стратегиялық тәсілдерін қалыптастыруды және дамыта алады

                  2. Жобаларды басқару
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  жобаларды  басқару  саласындағы  ұлттық  және  шетелдік  стандарттар
                  негізінде  мемлекеттік  органдар  мен  басқа  да  ұйымдар  қызметінің  тиімділігін
                  арттыру  құралы  ретінде  жобаларды  басқару  үшін  қажетті  құзыреттерді  және
                  жобалық  менеджмент  саласындағы  практикалық  дағдыларды  қалыптастыруға
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Жобалық  құжаттаманы  әзірлеу,  жобалық  басқарудың  құралдарымен  және
                  әдістерімен  жұмыс  істеу  дағдыларын  игереді,  жоба  шеңберінде  жобаның
                  мүдделі тараптарын, мерзімдерін, құнын, ресурстарын, мазмұнын, сатып алуды,
                  сапаны,  тәуекелді,  коммуникацияларды  басқара  алады,  сондай-ақ  жобалық
                  құжаттаманы  қалай  дұрыс  бастау,  сапалы  жоспарлау  қажеттігін,  жобаларды
                  одан әрі іске асыру және жабу кезінде неге назар аудару керектігін түсінеді

                  3. Деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        2 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс ауқымды деректерді статистикалық және экономикалық өңдеу дағдыларын
                  дамытуға;  визуализация  және  талдауға,  жасырын  заңдылықтар  мен  өңдеу
                  алгоритмдерін  іздестіруге  бағытталған.  Деректерді  талдау  әдістерін  және
                  алынған  нәтижелерді  одан  әрі  түсіндіруді,  деректердің  әртүрлілігін  төмендету
                  әдістерін,  Data  Mining  технологиясы  негізінде  деректерді  талдаудың  жаңа
                  әдістерін  меңгеруге,  эксперименттік  деректерді  өңдеу  мәселелерін  шешу  үшін
                  қолданбалы бағдарламалардың заманауи пакеттерін талдауға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Зерттеуді жүзеге асыру технологиясын таңдау, шығындарды бағалау және оны
                  жүзеге  асыруды  ұйымдастыру  қабілетін  көрсетеді;  тиісті  өңдеу  әдістері  мен
                  құралдарын пайдалана отырып, зерттеу нәтижелерін талдауды жүргізу қабілетін;
                  зерттеу  әдісін  таңдау,  бар  әдістерді  өзгерту  және  белгілі  бір  зерттеудің
                  міндеттеріне сүйене отырып, жаңа әдістерді әзірлеу қабілетін көрсетеді
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39