Page 21 - Академиялық саясат
P. 21
13.5. Институт/МСҰМ директораттарының өтінімі бойынша ЭЖТҚ
тағылымдамадан өтуге арналған шығыстар сметасын әзірлейді, ол барлық мүдделі
құрылымдық бөлімшелермен, вице-ректорлармен келісіледі және Академия ректоры
бекітеді.
13.6. Тағылымдамадан өту туралы бұйрықтың/академиялық ұтқырлық
бағдарламасының негізінде бекітілген сметаға сәйкес ЭЖТҚ тағылымдама
басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, білім алушылардың карточкалық
шоттарына (тәуліктік, тұрғын үй жалдау бойынша шығыстар, жол жүру, виза ресімдеу,
медициналық сақтандыру) ақшалай қаражатты аударады.
13.7. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір білім алушының
шетелдік тағылымдамадан өтуіне арналған шығындарды есептеу нормалары
ректордың бұйрығымен бекітіледі.
13.8. Білім алушылар үшін тағылымдаманы/академиялық ұтқырлықты өз
қаражаты немесе өзге де қаражат есебінен қаржыландыру өз қаражаты немесе өзге
де қаражат есебінен жүзеге асырылады.