Page 19 - Академиялық саясат
P. 19

Растаушы  құжаттар  белгіленген  мерзімде  ұсынылмаған  жағдайда,  білім
            алушылардың стипендиясынан бұрын аударылған сомаларды ұстап қалу жүргізіледі.
                  11.12. Білім алушы тағылымдамадан өтуге байланысты шығыстарды мынадай
            жағдайларда өтейді:
                  1) дәлелсіз себептермен шықпау және бағдарламадан өтпеу;
                  2) есепті қорғау кезінде «F» бағасын алу;
                  3) растаушы құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттарды ұсынбау;
                  4)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2018  жылғы  15  наурыздағы  №  125
            қаулысымен  бекітілген,  «Мемлекеттік  қызметшілерді  даярлау,  қайта  даярлау  және
            олардың  біліктілігін  арттыру  қағидалары,  мемлекеттік  қызметшілердің  біліктілігін
            арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптармен» және
            «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметі  туралы»  Заңмен  белгіленген
            мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелерді бұзған жағдайда.

                                            12. Академиялық ұтқырлық

                  12.1. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа білім
            беру ұйымдарында, оның ішінде шетелде жекелеген пәндерді зерделейді. Бұл ретте,
            білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады.
                  12.2. Басқа білім беру ұйымдарының алуан түрлі білім беру тәжірибесінен пайда
            алу мақсатында «ұтқырлық терезелерінде» білім алушы білім берудің бір деңгейінің
            бағдарламасы  бойынша басқа  ЖОО-да  меңгеретін  уақыт  шектері,  оқу  пәндері  мен
            кредиттер көлемі айқындалады.
                  12.3.  Бұл  ретте,  мемлекет  деңгейінде  қаржыландырылатын  бағдарламалар
            шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының
            және  шет  елдердің  үкіметтері  немесе  ведомстволары  арасында  жасалған  шарттар
            мен  келісімдер  негізінде  академиялық  ұтқырлыққа  қатысу  үшін  жіберу  Қазақстан
            Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  19  қарашадағы  №  613
            бұйрығымен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға
            жіберу  қағидаларына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  қызметшілерді
            даярлауға  арналған  мемлекеттік  тапсырысты  есепке  алмағанда,  жалпы  конкурс
            жүргізіледі.
                  12.4. Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы білім беру ұйымында
            көзделген деңгейде шет тілін білу қажет.
                  12.5.  Білім  алушылар  академиялық  ұтқырлыққа  қатысу  үшін  конкурстық
            іріктеуден  өтеді.  Конкурстық  комиссия  кандидаттарды  іріктеу  кезінде  мынадай
            критерийлерді ескереді:
                  1) мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсуді ескере отырып, уәждеме деңгейі;
                  2) ағылшын тілін білу деңгейі;
                  3) бірінші оқу жылындағы үлгерімнің орташа балы (GPA);
                  4)  үміткердің  қаржылық  жағдайы  (оның  ішінде  жол  жүру,  тұру,  тамақтану,
            медициналық  сақтандыру,  визаны  ресімдеу  бойынша  шығыстарды  көтеруге  дайын
            болуы).
                  12.6.  Ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  білім  алушының  оқуын  растайтын
            қорытынды құжат транскрипт немесе болған елдегі оның баламасы болып табылады.
            Транскриптке оқу бағдарламасы туралы мәліметтер: пәндердің (модульдің) атаулары,
            бағалар, игерілген академиялық кредиттердің саны енгізіледі.
                  12.7. Білім алушылар академиялық ұтқырлық шеңберінде толық көлемде игерген
            және транскриптпен расталған оқыту нәтижелерін БСО қайта есептейді.
                  12.8. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары Академияның әріптес жоғары оқу
            орындарымен келісімдері шеңберінде іске асырылады, оны Институт/МСҰМ әзірлейді,
            талқылаудан өтеді және ҒК-те бекітіледі.
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24