Page 20 - Академиялық саясат
P. 20

12.9.    Академияда        білім    беру     ұйымымен        ынтымақтастық         туралы
            Меморандум/Келісім болуы тиіс.
                  12.10.  ҒК  хаттамасы  негізінде  Институт/МСҰМ  академиялық  ұтқырлық
            бағдарламасын ұйымдастырады:
                  Институт/МСҰМ шетелдік әріптеспен білім алушылардың академиялық ұтқырлық
            бағдарламасынан өтуі туралы келісім-шарт жасасады;
                  ЭЖТҚ  шығыстар  сметасын  дайындайды  және  қабылдаушы  ұйымның  есебінен
            академиялық  ұтқырлық  бағдарламасын  қаржыландыру  жағдайларын  қоспағанда,
            белгіленген мерзімде төлем жүргізеді;
                  Институт/МСҰМ авиабилеттерді брондау, сақтандыру, қонақ үйге орналастыру,
            визалық қолдау бойынша ұйымдастыру мәселелерін жүзеге асырады;
                  Институт/МСҰМ  БСО-мен,  ЭЖТҚ-мен,  ҚҚ-мен,  СДҮӘО-мен  бірлесіп,  білім
            алушылармен  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасының  мәселелері  бойынша
            қажетті материалдарды бере отырып, нұсқаулық кеңес өткізеді;
                  Институт/МСҰМ  тұрақты  негізде  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасының
            орындалуын бақылауды және мониторингілеуді жүзеге асырады.
                  12.11.  Институт/МСҰМ  ЗжҚҚБ-мен  бірлесіп,  Академия  мен  білім  алушылар
            арасында  академиялық  ұтқырлық  және  өзара  жауапкершілік  бағдарламасынан  өту
            туралы қосымша келісім жасасуды ұйымдастырады.
                  12.12.  Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасынан  өту  орны  бойынша  болатын
            елде  білім  алушыларға  шетелдік  әріптеспен  жасалған  шартқа  сәйкес,  шетелдік
            компоненттің бағдарламасын ұйымдастыру мен одан өтудің барлық мәселелерімен
            айналысатын шетелдік куратор бекітіледі.
                  12.13. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін білім алушы екі
            апта  ішінде  Институт  директоратына/МСҰМ-ға  сертификат  пен  транскриптті  қоса
            алғанда,  барлық  құжаттарды  қоса  бере  отырып,  өзі  жасаған  есепті  ұсынады  және
            академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өткені туралы жария есепті ұсынады.
                  12.14. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қорытындысы Институт/МСҰМ
            директоратының  отырысында  талқыланады.  Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы
            бойынша барлық материалдар Институтта/МСҰМ-да сақталады.

                                                 13. Қаржыландыру

                  13.1.  Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша  білім  алушылардың
            тағылымдамасын/академиялық               ұтқырлық       бағдарламасын          қаржыландыру,
            академиялық        ұтқырлық      бағдарламасын         қабылдаушы        ұйымның       есебінен
            қаржыландыру  жағдайларын  қоспағанда,  тиісті  бюджеттік  бағдарламада  бөлінген
            сомалар шегінде жүзеге асырылады.
                  13.2.      Білім       алушылардың           білім      беру       гранты       бойынша
            тағылымдамасын/академиялық ұтқырлық бағдарламасын (оның ішінде халықаралық
            қорлардың  стипендиялық  бағдарламаларының  қаражаты  есебінен)  қаржыландыру
            білім  беру  гранттарымен  бөлінген  сомалар  шегінде  (егер  грант  беру  шарттарында
            басқасы  көрсетілмесе)  және  шетелдік  компонент  бағдарламасын  қабылдаушы
            ұйымның  есебінен  қаржыландыру  жағдайларын  қоспағанда,  заңнамада  тыйым
            салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
                  13.3. Ақылы негізде оқитын білім алушылардың тағылымдамасын/академиялық
            ұтқырлық  бағдарламасын  қаржыландыру  білім  алушылардың  өз  қаражаты  және
            заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
                  13.4.     Білім     алушылардың         тағылымдамасын/академиялық              ұтқырлық
            бағдарламасын заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыру, академиялық
            ұтқырлық      бағдарламасын        қабылдаушы        ұйымның       есебінен     қаржыландыру
            жағдайларын қоспағанда, тиісті ұйым бөлген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25