Page 18 - Академиялық саясат
P. 18

• және/немесе француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ
             Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен
             төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз
             (DELF  (ДЭЛФ),  B2  деңгейі),  Diplome  Approfondi  de  Langue  franзaise  –  Диплом
             Аппрофонди  де  Ланг  Франсэз  (DALF  (ДАЛФ),  C1  деңгейі), Test  de  connaissance du
             franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
                  Шетелдік тағылымдаманың қорытындылары ғылыми-зерттеу блогы өкілдерінің
            міндетті  түрде  қатысуымен  Институттар/МСҰМ  директоратының  кеңейтілген
            отырысында қаралады.
                  11.8.  Тағылымдамадан  өту  барысында  және  тағылымдамадан  өткеннен  кейін
            білім алушы тағылымдама нәтижелері бойынша есепті және басқа материалдарды
            Академияның ақпараттық жүйесіне жүктейді.
                  11.8.1.  Тағылымдама  туралы  есеп  мыналарды  қамтиды  (бірақ  олармен
            шектелмейді):
                  -  тағылымдамадан  өткені  туралы  сертификаттың  көшірмесі  (Шарттың  және
            тағылымдама бағдарламасының талаптарына сәйкес);
                  - жазбаша есеп (10-қосымшаға сәйкес);
                  - презентация.
                  11.8.2.  Тағылымдама  аяқталғаннан  кейін  Институт/МСҰМ  директораты
            мыналарды дайындайды:
                  -  тағылымдамадан  өту  туралы  есептерді  тыңдау  жөніндегі  комиссия  құрамы
            туралы бұйрық (жетекшілік ететін вице-ректор қол қояды);
                  -  тағылымдама  бойынша  есептерді  қорғау  кестесі  (Институт/МСҰМ  директоры
            қол қояды);
                  -  СДҮӘО  ХӘС-пен  бірлесіп  әріптестерге  алғыс  хаттар  дайындайды  және
            жолдайды;
                  - әріптестермен процесті/ынтымақтастықты жақсарту жөніндегі келесі қадамды
            пысықтау  үшін  СДҮӘО  ХӘС  және  БСО  тағылымдама  қорытындылары  бойынша  өз
            ұсыныстары мен ұсынымдарын ұсынады.
                  11.9. Магистранттардың есепті қорғауы комиссия алдында жүргізіледі (дәлелді
            себептер  болған  жағдайда  қорғауды  онлайн  форматта  жүргізуге  жол  беріледі).
            Комиссия  құрамын  Институт/МСҰМ  директораты  қалыптастырады  және  ғылыми
            қызмет  жөніндегі  вице-ректормен  келісіледі  және  жетекшілік  ететін  вице-ректор
            бекітеді.
                  11.10.  Білім  алушы  дәлелді  себептермен  есепті  қорғауда  болмаған  жағдайда,
            есепті қайта қорғауға рұқсат беріледі.
                  11.11.  Шетелдік  тағылымдама  аяқталғаннан  кейін  бюджет  қаражаты  есебінен
            тағылымдамадан өткен білім алушылар 5 жұмыс күні ішінде ҚҚ-ге мынадай растаушы
            құжаттарды ұсынады:
                  1) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша (шот-фактуралар, инвойстар, чектер, банк
            карточкасымен  есептеген  жағдайда  қызмет  көрсететін  банктен  карточкалық  шот
            бойынша үзінді көшірме);
                  2)  жол  жүру  бойынша  (жол  жүру  құжаттары,  барлық  бағыттарға  отырғызу
            талондары,  шот-фактуралар,  жүкқұжат,  ф/чек,  банк  карточкасымен  есептеген
            жағдайда қызмет көрсететін банктен карточкалық шот бойынша үзінді көшірме);
                  3) визаларды ресімдеуге арналған шығыстар бойынша (консулдық алымдарды
            төлеу туралы түбіртек) және медициналық сақтандыру (шарт, төлеу туралы чек, шот-
            фактура, қызмет көрсететін банктің карточкалық шоты бойынша, банк карточкасымен
            есептеген жағдайда), паспорт беттерінің ксерокөшірмелері (паспорттың бірінші беті,
            визасы  бар  бет,  ҚР  шекара  қызметтерінің  белгілері  бар  беттер  және  қабылдаушы
            елдер).
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23