Page 16 - Академиялық саясат
P. 16

-  тағылымдамадан  өтуге  арналған  бюджетті  алдын  ала  жоспарлайды
            (мемлекеттік бюджет есебінен тағылымдама ұйымдастырылған жағдайда);
                  -  ЗжҚҚБ-мен  келісе  отырып,  Академия  мен  әріптес  арасында  тағылымдаманы
            ұйымдастыру туралы шарт дайындайды және қол қояды;
                  - білім алушыларды тағылымдамаға жіберу туралы ұсыныс дайындайды;
                  -  білім  алушылар  мен  Академия  арасында  тағылымдамадан  өту  және  өзара
            жауапкершілік туралы шарт дайындайды және қол қояды;
                  - Академия атынан тағылымдама жетекшісін анықтайды;
                  -  білім  алушыларға  Институт/МСҰМ  басшылығымен  нұсқаулық  кеңестер
            дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;
                  - білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді;
                  -  тағылымдамадан  өту  барысында  туындайтын  мәселелерді  шешуде  білім
            алушыға консультациялық көмек көрсетеді;
                  - білім алушылардың тағылымдамадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;
                  -  жасалған  шартта  көзделген  талаптар  орындалмаған  жағдайда,  оның  ішінде
            тағылымдаманы өз еркімен тоқтатқан жағдайда, тағылымдамадан өту туралы білім
            алушымен  жасалған  шартты  бұзу  туралы  және  (немесе)  білім  алушыны  оқудан
            шығару ұсыныстарды  жетекшілік ететін вице-ректордың атына жібереді;
                  -  қабылдаушы  тараптан  білім  алушылардың  тағылымдамадан  өту  процесі
            туралы мәліметтерді сұратады;
                  - тағылымдамадан өту туралы есептерді қорғауды ұйымдастырады.
                  11.5.2. СДҮӘО ХӘС-пен бірлесе отырып Институт/МСҰМ:
                  -  стратегиялық  әріптестермен  келіссөздер  жүргізеді  (байланыс  орнату,
            коммерциялық ұсыныстарды сұрату, әріптеске қажетті құжаттарды/ақпаратты сұрату
            және жіберу және т.б.);
                  -  Білім  алушыларға  виза  алу  бойынша  ұйымдастырушылық  қолдау  көрсетеді
            (қажет  болған  жағдайда):  құжаттар  тізімі  бойынша  кеңес  беру,  қажетті  хаттар,
            анықтамалар дайындау, қонақ үйді, билеттерді брондау.
                  БСО тағылымдамадан өту туралы бұйрықты дайындайды
                  11.5.3.    Білім     алушының       тағылымдамаға         қатысуы      туралы      шешім
             Институттар/МСҰМ  директораттарының  отырысында  қабылданады,  бұдан  әрі
             Академияның  конкурстық  комиссиясы  қарайды  және  Академиялық  сапа  жөніндегі
             кеңеске бекітуге шығарылады (9-қосымша).
                  11.6. Магистранттарды шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберу кезінде жоғары
             оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының
             талаптары, сондай-ақ мынадай критерийлер ескеріледі:
                  1) академиялық қарыздың болмауы;
                    2) GPA 3,0-ден төмен емес;
                    3) зерттеудің алдын ала нәтижелері және (немесе) зерттеу тақырыбы бойынша
            жарияланымдар;
                    4)  директораттағы  талқылау  қорытындысы  бойынша  Институттардан/МСҰМ-
            дан ұсыныс;
                    5) жұмыс орнынан шетелге шығуға рұқсаттың болуы (мемлекеттік құпияларға
            рұқсаты бар тұлғалар үшін);
                    6)  білім  алушының  борышкерлер  тізілімінің  тізімінде  жоқ  /  уақытша  шығуға
            рұқсаты бар екендігі туралы растайтын құжаттың болуы;
                    7) шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде тілдік сертификаттың болуы талап
            етіледі:
                  •  ағылшын  тілі:  test  of  English  as  a  a  Foreign  Language  Institutional  Testing
            Programm  (Тест  ов  Инглиш  аз  а  Форин  Лангудж  Инститьюшнал  Тестинг  программ)
            (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 163 балл,
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21