Page 15 - Академиялық саясат
P. 15

10.9.  Практика  аяқталғаннан  кейін  білім  алушы  барлық  құжаттарды
            (тапсырмаларға  жауаптар,  есеп,  презентация  және  т.б.)  Академияның  LMS
            ақпараттық жүйесіне жүктейді.
                  10.10.  Магистранттар  мен  докторанттардың  практикасын  жоспарлау  және  іске
            асыру Магистранттар мен докторанттардың практикасын жоспарлау және іске асыру
            білім алушының практика жоспарын Институт/МСҰМ директораты және қабылдаушы
            мемлекеттік органның практика жетекшісі келіскен кезде жүзеге асырылады.

                                                  11. Тағылымдама

                  11.1. Тағылымдама магистратура және докторантура бағдарламаларында білім
            алушылар үшін міндетті талап болып табылады.
                  11.2. Білім алушылар академиялық күнтізбеге және білім алушының жеке даму
            бағдарламасына сәйкес тағылымдамаға жіберіледі. Тағылымдама бағдарламасы оқу
            және ғылыми компоненттердің болуын қамтиды. Тағылымдаманы зерттеу тақырыбы
            бойынша  алдын  ала  зерттеу  нәтижелері  және  (немесе)  жарияланымдары  бар
            тұлғалар жүзеге асырады.
                  11.3.  Магистранттың  эксперименттік-зерттеу  жұмысы  (бұдан  әрі  –  МЭЗЖ)
            шеңберінде инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу
            үшін магистрантты жеке даму бағдарламасы ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті
            сала  немесе  қызмет  салаларындағы  ұйымдарда  тағылымдамадан  міндетті  түрде
            өтуді көздейді.
                  Шетелде тағылымдамадан өту кезінде тағылымдама халықаралық рейтингтерге
            кіретін  жетекші  ғылыми  ұйымдарда  және  ЖЖОКБҰ-да,  оның  ішінде  тиісті  бағыт
            бойынша (by Subject) жүзеге асырылады.
                  Магистранттардың тағылымдама ұзақтығы кемінде 14 күнтізбелік күнді құрайды.
            Академия  тағылымдамадан  өтетін  ұйыммен  бірлесіп  тағылымдама  бағдарламасын
            және апталық жоспарды бекітеді.
                  11.4.  Докторанттың  эксперименттік-зерттеу  жұмысы  (бұдан  әрі  –  ДЭЗЖ)
            шеңберінде инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу
            үшін докторанттың жеке даму бағдарламасы ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті
            сала  немесе  қызмет  салаларындағы  ұйымдарда,  оның  ішінде  шетелде
            тағылымдамадан міндетті түрде өтуді көздейді.
                  Докторанттардың  тағылымдамасы  халықаралық  рейтингтерде  алғашқы  1000
            позицияны  немесе  тиісті  бағыт  бойынша  (by  Subject)  алғашқы  200  позицияны
            иеленетін  жетекші  шетелдік  ғылыми  ұйымдарда  және  ЖЖОКБҰ-да  жүзеге
            асырылады.
                  Академия докторанттың тағылымдамадан өту мерзімдерін дербес айқындайды,
            бұл ретте тағылымдаманың ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күнді құрайды.
                  11.5. Білім алушылардың шетелдік тағылымдамасын ұйымдастырумен СДҮӘО
            ХӘС-пен бірлесе отырып Институт/МСҰМ айналысады.
                  11.5.1. СДҮӘО ХӘС-пен және ҒАО-мен бірлесе отырып Институт/МСҰМ:
                   -  магистрлік  жобалар  мен  докторлық  диссертациялар  тақырыбына  сәйкес
            стратегиялық шетелдік әріптестерді анықтайды;
                  -  тағылымдама  бағдарламасын  әзірлейді,  шетелдік  әріптеспен  келіседі,
            тағылымдамаға  жіберу  үшін  үміткерлерді  анықтау  бойынша  конкурс  өткізеді  және
            конкурс  қорытындысы  бойынша  білім  алушылардың  тізімін  және  тағылымдама
            бағдарламасын бекіту үшін АСК-ға ұсынады. Тағылымдама бағдарламасы мамандану
            бейініне сәйкес болуы, өзекті болуы және практикалық маңызы болуы тиіс және 7-
            қосымшаға сәйкес ресімделуі тиіс.
                  Докторанттар  үшін  8-қосымшаға  сәйкес  ресімделуі  тиіс  жеке  тағылымдама
            бағдарламасы АСК-та әзірленеді және бекітіледі;
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20