Page 11 - Академиялық саясат
P. 11
8.3. МЭЗЖ нәтижелері әрбір академиялық кезеңнің соңында БЖДБ-ның
орындалуы бойынша есепте ресімделеді. МЭЗЖ оқу жұмысының басқа түрлерімен
қатар немесе жеке кезеңге жоспарланады.
8.4. МЭЗЖ қойылатын талаптар:
1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын магистратураның ББ
бейініне сәйкес келеді;
2) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделеді
және нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің дербес
шешімдерін қамтиды;
3) озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалады;
4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік,
практикалық) бөлімдерінен тұрады.
МЭЗЖ қорытынды нәтижесі магистрлік жоба болып табылады.
8.5. Магистрлік жобаның негізгі нәтижелері кемінде бір жарияланымда және
(немесе) ғылыми-практикалық конференцияда бір баяндамада ұсынылады.
8.6. Магистранттарды оқуға қабылдағаннан кейін екі ай ішінде ректордың
бұйрығымен ҒК шешімі негізінде магистрлік жобалардың тақырыптары бекітіледі және
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім
беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және ҚР ҒЖБМ бекітетін, олардың
сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне (3-қосымша) сәйкес ғылыми жетекшілер
тағайындалады.
Ғылыми жетекші және Институттар/МСҰМ директораты магистрлік жобаны
қорғауға жіберу бойынша толық жауап береді.
Егер магистрлік жобаларға жетекшілік ету ОПҚ-ның жалпы педагогикалық
жүктемесіне кірмеген жағдайда, ғылыми жетекшілермен тиісті бұйрыққа қол
қойылғаннан кейін екі апта ішінде ғылыми жетекшілік ету бойынша қызметтер көрсету
жөнінде шарттар жасалады.
8.7. Магистратурада білім алушы қажет болған жағдайда ақылы негізде
оқытудың қосымша түрлерін өз бетінше меңгереді.
8.8. Магистранттың жеке даму бағдарламасы барлық оқу кезеңіне жасалады
және келесі бөлімдерден тұрады:
1) ЖОЖ;
2) эксперименттік-зерттеу жұмысы (ғылыми жарияланымдар жоспары), оның
ішінде тағылымдама жоспары;
3) практика (бағдарлама, база, есеп беру мерзімі мен нысаны);
4) негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік жобаның тақырыбы және магистрлік
жобаны орындау жоспары;
5) құзыреттерді арттыру және құзыреттерді дамыту жоспары.
Магистранттың жеке даму бағдарламасын білім алушы ББ үйлестірушісімен,
ғылыми жетекшімен бірлесіп, барлық оқу кезеңіне жасайды және оқуға қабылданған
сәттен бастап 3 ай ішінде Директораттың отырысында бекітіледі. Екі жылдық
бағдарламаның білім алушылары үшін БЖДБ-ға қайта өзгерістер енгізуге оқудың
екінші жылының қыркүйек айының соңына дейін рұқсат етіледі. БЖДБ-ны толтыру
мониторингі LMS-те жүргізіледі. Қол қойылған қағаз нұсқалар білім алушының жеке
ісінде болады және БСО-да сақталады.
8.9. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант ЖДЖ орындау мәніне
академиялық аттестаттаудан өтеді. Институт/МСҰМ директорының өкімімен комиссия
құрылады. БЖДБ орындау бойынша есептер БСО, ҒАО, ҚЗИ-дың міндетті қатысуымен
Институттар/МСҰМ директоратының кеңейтілген отырысында тыңдалады және
бағаланады. Аттестаттауды онлайн форматта өткізуге рұқсат етіледі. БЖДБ бойынша
жоспарланған іс-шаралар игерілмеген жағдайда магистрант келесі курсқа
ауыстырылмайды.