Page 12 - Академиялық саясат
P. 12

8.10. Магистратура бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаудың негізгі критерийі
            бейінді  магистратурада  білім  алушылардың  бекітілген  ББ-ға  сәйкес  бір  жыл  оқу
            мерзімінде  кемінде  60  академиялық  кредитті,  екі  жыл  оқу  мерзімінде  кемінде  120
            академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.
                  8.11. Магистратураның  ББ  бойынша  оқуды  аяқтаған  және  қорытынды
            аттестаттаудан табысты өткен адамдарға ҚР МЖМБС талаптары бойынша «магистр»
            дәрежесі  беріледі  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  туралы  өзіндік  үлгідегі
            диплом қосымшасымен (транскрипт) беріледі.
                  8.12. Магистратураның  ББ  бойынша  оқуды  аяқтаған,  бірақ  қорытынды
            аттестаттаудан өтпеген адамдарға тиісті анықтама (4-қосымша) беріледі.
                  8.13. Магистрантты  Академияға  оқуға  жіберген  мемлекеттік  органның  өкілдері
            магистрлік жұмысты қорғауға қатыса алады.

                 9. Докторантура білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны

                  9.1. Кәсіби даярлық бөлігіндегі докторантураның ББ бейіні бойынша докторларды
            даярлаудың аккредиттелген бағдарламаларын іске асыратын шетелдік жоғары және
            (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) мен
            ғылыми орталықтардың тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленеді.
                  9.2. Докторантураның ББ ғылыми құрамдас бөлігі докторанттың эксперименттік-
            зерттеу  жұмысынан  (бұдан  әрі  –  ДЭЗЖ),  ғылыми  жарияланымдардан,  докторлық
            диссертацияны жазудан және қорғаудан құралады.
                  9.3.  Докторлық  диссертацияны  орындау  ДЭЗЖ  кезеңінде  жүзеге  асырылады.
            ДЭЗЖ-нің қорытынды нәтижесі докторлық диссертация болып табылады.
                  9.4. Таңдау компонентін (элективті пәндер – ББ-да тиісті кредиттер болған кезде)
            докторанттар ББ үйлестірушісінің жетекшілігімен бірінші және екінші семестрлер үшін
            ағымдағы оқу жылының бірінші аптасының соңына дейін және үшінші және төртінші
            семестрлер үшін ағымдағы оқу жылының соңғы аптасында дербес таңдайды.
                  9.5.  Докторант  жеке  даму  бағдарламасы  негізінде  оқиды.  Жеке  даму
            бағдарламасын  докторант  ғылыми  консультанттардың,  ББ  үйлестірушісінің
            жетекшілігімен  барлық  оқу  кезеңіне  жасайды  және  ҒАО-мен  келісіледі,  оқуға
            қабылданған       сәттен  бастап  3  ай  ішінде  Академиялық  сапа  жөніндегі  кеңестің
            шешімімен бекітіледі. БЖДБ-ға қайта өзгерістер келесі оқу жылының қыркүйек айының
            соңына дейін енгізілуі мүмкін. БЖДБ-ны толтыру мониторингі LMS-те жүргізіледі. Қол
            қойылған БЖДБ-ның қағаз нұсқалары білім алушының жеке ісінде болады және БСО-
            да сақталады.
                  9.6. Докторанттың жеке даму бағдарламасы барлық оқу кезеңіне жасалады және
            мынадай бөлімдерден тұрады:
                  1) ЖОЖ;
                  2)  эксперименттік-зерттеу  жұмысы  (ғылыми  жарияланымдар  жоспары)  және
            тағылымдама жоспары;
                  3) өндірістік практика (бағдарлама, база, есеп беру мерзімі мен нысаны);
                  4)  негіздемесі  мен  құрылымы  бар  докторлық  диссертацияның  тақырыбы  және
            докторлық диссертацияны орындау жоспары;
                  5) құзыреттерді арттыру және құзыреттерді дамыту жоспары.
                  9.7.  Бірінші  оқу  семестрі  ішінде  (академиялық  аттестаттаудан  кешіктірмей)
            Директораттың  отырысында  докторанттың  диссертациялық  зерттеуінің  (research
            proposal) ғылыми негіздемесі бекітіледі (5-қосымша).
                  Диссертациялық        зерттеудің     мазмұны      ұлттық     басымдықтарды,        ұлттық
            жобаларды,  іргелі  немесе  қолданбалы  зерттеулер  бағдарламаларын  іске  асыруға
            бағытталған.
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17