Page 13 - Академиялық саясат
P. 13
9.8. Докторлық диссертацияға жетекшілік ету үшін докторантқа оқуға
қабылданғаннан кейінгі екі ай ішінде ғылыми жетекшілік тағайындалады.
Докторанттарға ғылыми жетекшілікті кемінде 2 консультант жүзеге асырады,
олардың бірі – ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті саланың немесе қызмет
саласының жоғары білікті маманы.
Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияның орындалуын және
академиялық адалдық пен зерттеу этикасы қағидаттарының сақталуын және
диссертациялық жұмысты қорғауға уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
9.9. Ғылыми жетекшілік және диссертация тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі
негізінде Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі. Докторант бірінші оқу
жылында докторлық диссертация тақырыбына өзгерістер (түзетулер) енгізеді.
9.10. Егер докторлық диссертацияларға жетекшілік ету ОПҚ-ның жалпы
педагогикалық жүктемесіне кірмеген жағдайда, ғылыми жетекшілермен тиісті
бұйрыққа қол қойылғаннан кейін екі апта ішінде ғылыми жетекшілік ету бойынша
қызметтер көрсету жөнінде шарттар жасалады.
9.11. Докторанттың ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің «Дәрежелер беру қағидаларын бекіту
туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6951 болып тіркелген) сәйкес
ғылыми, ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда
жарияланады.
9.12. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін докторант жеке даму жоспарын
орындау мәніне академиялық аттестаттаудан өтеді. Институт/МСҰМ директорының
өкімімен комиссия құрылады. БЖДБ орындау бойынша есептер БСО, ҒАО, ҚЗИ-дың
міндетті қатысуымен Институттар/МСҰМ директоратының кеңейтілген отырысында
тыңдалады және бағаланады. Аттестаттауды онлайн форматта өткізуге рұқсат
етіледі. БЖДБ бойынша жоспарланған іс-шаралар игерілмеген жағдайда докторант
келесі курсқа ауыстырылмайды.
9.13. Бейіні бойынша доктор даярлау жөніндегі білім беру процесінің
аяқталуының негізгі критерийі докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық
түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады.
9.14. ҚА докторантураның ББ жалпы көлеміндегі 12 академиялық кредитті
құрайды және докторлық диссертация жазу мен қорғау нысанында өткізіледі.
ҚА мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін,
қалыптасқан кәсіби және басқарушылық құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз бетінше
орындауға дайындығын және оның дайындығының кәсіби стандарт пен
докторантураның ББ талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
9.15. Докторанттар ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК талаптарына сәйкес диссертацияларды
міндетті тексеруді дербес жүзеге асырады.
Бұдан басқа, 2021 жылғы 21 мамырдағы «Академия жанындағы Диссертациялық
кеңес туралы Ережеге» сәйкес қорғауға шығар алдында Академия диссертацияларды
басқа мәтінді пайдалануын анықтаудың лицензиялық жүйелерінде, оның ішінде
халықаралық деректер қоры бойынша тексеруді қамтамасыз етеді.
9.16. Докторантураның ББ меңгерген және докторлық диссертация қорғаған
адамдарға Академияның Диссертациялық кеңесінің оң шешімі болған жағдайда бейіні
бойынша доктор дәрежесі беріледі және жеке үлгідегі диплом қосымшасымен
(транскрипт) беріледі.
9.17. Докторантты Академияға оқуға жіберген мемлекеттік органның өкілдері
докторлық диссертация қорғауға қатыса алады.
10. Практика