Page 14 - Академиялық саясат
P. 14
10.1. Практика магистрлік және докторлық бағдарламалардың міндетті
компоненті болып табылады. Білім алушы оқу мерзіміне байланысты (1 жылдық және
2 жылдық магистратура) өндірістік практиканы орындайды. Бейіндік докторантура
бойынша бағдарлама докторанты өндірістік практикадан өтеді.
10.2. Магистранттың өндірістік практикасы мемлекеттік органдарда, ҮЕҰ-да,
квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және т.б. өтеді. Практиканың мазмұны
магистрлік жобаның тақырыбымен айқындалады. Магистранттардың өндірістік
практикасы оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту, оқытылып жатқан
магистратураның ББ бойынша практикалық дағдыларды, құзыреттерді және кәсіби
қызмет тәжірибесін меңгеру, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында жүргізіледі.
Докторанттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін
бекіту және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Өндірістік практиканың
мазмұны докторлық диссертация тақырыбымен айқындалады.
10.3. Білім алушылар академиялық күнтізбеге және білім алушының жеке
жоспарына сәйкес практикаға жіберіледі.
10.4. Білім алушылардың практикасын ұйымдастырумен Институт/МСҰМ
айналысады.
- Әрбір білім алушының практикадан өту орнына практика жоспары бар хат
жолдайды;
- практикаға жіберілетін білім алушылардың тізімін, практика бағдарламасын
әзірлейді және директорат отырысында қарайды, АСК-ға бекітуге шығарады;
- практикадан өту туралы бұйрықты бекітеді;
- практикадан өту туралы есептерді қорғауды ұйымдастырады;
- Академиядан практика жетекшісін анықтайды;
- білім алушыларға практика мәселелері бойынша нұсқаулық кеңестер
дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;
- білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді;
- практикадан өту барысында туындайтын проблемаларды шешуде білім
алушыға консультациялық көмек көрсетеді;
- білім алушылардың практикадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;
- білім алушылардың практикадан өту процесі туралы мәліметтерді сұратады.
БСО білім алушылардың Академияның LMS ақпараттық жүйесіне практикадан
өту қорытындысы бойынша барлық құжаттардың уақытылы жүктеуіне мониторинг
жүргізеді.
10.5. Практика аяқталғаннан кейін Институт/МСҰМ директораты мыналарды
дайындайды:
- практикадан өту туралы есептерді тыңдау жөніндегі комиссия құрамы туралы
бұйрық (жетекшілік ететін вице-ректор қол қояды);
- практика бойынша есептерді қорғау кестесі (Институт/МСҰМ директорының
өкімі).
10.6. Білім алушылардың есепті қорғауы комиссия алдында жүргізіледі.
10.7. Практика бойынша есеп мыналарды қамтиды (бірақ онымен шектелмейді):
- қабылдаушы тарап басшысының бағасы бар, сол мекеменің мөрімен расталған
мінездеме-пікір;
- жазбаша есеп (6-қосымшаға сәйкес);
- презентация.
10.8. Білім алушы дәлелді себептермен есепті қорғауда болмаған жағдайда,
жетекшілік етуші вице-ректордың жазбаша келісімімен есепті қайта қорғауға рұқсат
беріледі.